Announcement
Kassym-Jomart Tokayev  ·  2026-09-19 10:13

Telegram @aqorda_resmi

⚡️ Мемлекет басшысы: «Сол сияқты бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту дегенді көз алдарына елестете алмайды. Аз қамтылған немесе ауқатты отбасыдан шыққанына қарамастан, 1-4 сынып оқушыларының барлығына ыстық тамақ беріледі. Мұны жақсы білесіздер. Талаптар мен нормаға сай, таңғы және түскі ас бала күні бойы алуға тиіс құнардың 40 пайызын өтеуі керек. Мұндайды қай елден көрдіңіздер? Сондай-ақ шұжық, фастфуд, газдалған сусын секілді зиянды тағам түрлерін мәзірден толығымен алып тастадық, қант пен тұз мөлшерін азайттық. «Гүлденген социализмнің» тұсында да мұндай қамқорлық болмаған. Парламенттің бұрынғы құрамы заңнамаға есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы құрылғыны ақысыз беру туралы өзгерістер енгізу қажет деп ұйғарды. Мұндай аппараттар шетелде шығарылады. Сондықтан Үкімет тез арада отандық өндірісті жолға қоюы керек. Жалпы, Үкімет Құрылтаймен және қоғамның белсенді өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктердің мақсатқа сай берілуін қамтамасыз етуі қажет. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет шын мәнінде мұқтаж жандарға көмек қолын созуға міндетті. Сонда ғана әділдік салтанат құрады. Бұл жұмыстан осы аттас партия да тыс қалмайды деп сенемін». t.me/aqorda_resmi

Notes