Telegram @aqorda_resmi
Президент сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру перспективасына тоқталды – Қарым-қатынасымыздың әр саласында жақсы нәтижелер бар. Осы уақытқа дейін Корея Қазақстан экономикасына 12 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Кореяның әлемге танымал компаниялары Қазақстан нарығында ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Біз оларға барлық жағдайды жасап отырмыз. Келешекте де солай болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦 Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысы да жылдан-жылға нығая түсуде. – Былтыр Қазақстанға 51 мыңға жуық корей азаматы сапармен келді. Бұған екі мемлекет арасындағы тікелей әуе қатынасының қарқынды дамуы айтарлықтай ықпал етуде. Арамызда ірі жоба пайда болды. Ол – Алатау қаласының құрылысы. Бүгін біз Алатау қаласында Кореяның KAIST институтының филиалын ашу туралы келісімге қол қоямыз. Бұл қадам білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастығымызды тереңдетуге тың серпін береді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы. 🟦 Президент Астана мен Сеулдің халықаралық аренадағы ықпалдастығына жоғары баға берді. – Мемлекеттеріміздің жаһандық орнықты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ұстанымы – ортақ немесе ұқсас, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Notes