Announcement
Kassym-Jomart Tokayev  ·  2026-09-15 07:34

Telegram @aqorda_resmi

Мемлекет басшысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды 🟦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласында іске асырылатын Қазақстан мен Корея Республикасының бірлескен инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді. 🟦 Ұсынылған бастамалардың қатарында Алматы қаласында жергілікті автобөлшектер өндірісін ашу жобасы бар. Оның аясында отандық автозауыттардың сұранысына сай көліктің бәсеңдеткішін, орындық қаптамасын, еден жабыны мен сымдар будасын, сондай-ақ дөңгелек дискілерін шығару жоспарланып отыр. 🟦 Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қостанай қаласында KIA компаниясының Локализация орталығы ашылатыны туралы баяндалды. Онда есік панельдері, орталық консольдар, орындықтар, төбе және еден қаптамалары, бамперлер мен автомобильдің басқа да бөлшектері өндірілмек. 🟦 Бұдан бөлек, Президентке медицинада қолданылатын ультрадыбысты диагностика жүйелерін шығару, Алматы қаласында корейлік басқару үлгісі мен заманауи медицина технологиялары қолданылатын көпбейінді аурухана салу, дрондар құрастыру секілді маңызды жобалар көрсетілді. t.me/aqorda_resmi

Notes