Telegram @aqorda_resmi
🇰🇿 🇰🇷 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты 🟦 Іс-шарада заманауи инфрақұрылым жасақтау, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін ілгерілету секілді қаланы дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды. 🟦 Корейлік серіктестерді жобаны жүзеге асырудың нақты шараларына тартуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation компанияларымен K-Smart қалашығын құру, білім беру, R&D инфрақұрылымы, қалалық әуе қозғалысы, цифрлық модельдеу, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында бірлескен бастамалар ұсынылды. 🟦 Бұдан бөлек, қаланың әуе қозғалысын басқарудың UAM/UTM жүйесі таныстырылды. Ол ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксиді пайдалану мүмкіндігін қарастырады. 🟦 Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады. t.me/aqorda_resmi
Notes