Telegram @aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады 🟦 Кездесуде қазақ-корей инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығының перспективті бағыттары талқыланды. 🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев Кореямен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. 🟦 Президенттің айтуынша, еліміз Hanwha Group компаниясын Корея Республикасының бірқатар стратегиялық маңызды салаларда халықаралық позициясы мығым жетекші бизнес топтарының бірі ретінде қарастырады. 🟦 Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты. 🟦 Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. 🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Hanwha Group компаниясымен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады және қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тиімді нақты жобаларға ұласатынына сенім білдірді. 🟦 Өз кезегінде Ким Дон Вон Hanwha Group 1997 жылы Қазақстанмен ынтымақтастықты бастаған алғашқы кореялық корпорациялардың бірі екеніне назар аударды. Сондай-ақ еліміздегі цифрландыру үдерісіне және түрлі жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін ерекше ықыласпен қабылдағанын атап өтті. t.me/aqorda_resmi
Notes