Telegram @aqorda_resmi
Мемлекет басшысы KIND корпорациясының президенті және бас директоры Ким Бок Хванды қабылдады ✔️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясы (KIND) қазақ-корей инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды. ✔️ Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын салуға үлес қосқан корпорациямен ықпалдастықты жалғастыруға мүдделі. ✔️ Әңгімелесу барысында KIND корпорациясының Алатау қаласын дамытуға қатысу перспективасына баса назар аударылды. ✔️ Президент жобаның әлеуеті зор екенін атап өтіп, корей тарапы жаңа шаһардағы инфрақұрылымдық және инвестициялық бастамаларға белсенді атсалысатынына сенім білдірді. ✔️ Сондай-ақ Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарын жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырды. ✔️ Ким Бок Хван Қазақстан Еуразияның маңызды көлік-логистика торабы ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өтіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастығына нығайтуға дайын екенін жеткізді. ✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ким Бок Хван қазақ-корей бірлескен инвестициялық қорын құру мәселелерін талқылады. Аталған қор еліміздегі инфрақұрылым және энергетика жобаларына корей капиталы мен технологиясын тартатын тиімді тетік болмақ. ✔️ Сонымен қатар кездесуде корпорацияның көлік-логистика жүйесін жаңғыртуға, соның ішінде Ақтау, Құрық порттарын дамыту, өңірлік әуежайларды салу мен жаңарту мүмкіндігі қарастырылды. t.me/aqorda_resmi
Notes