Announcement
Kassym-Jomart Tokayev  ·  2026-09-13 12:10

Telegram @aqorda_resmi

🇮🇳 Нарендра Моди БРИКС саммитіне қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар мен ұсыныстардың өзектілігіне назар аударды 🟦 Үндістан Премьер-министрі Қазақстанмен достыққа және өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді. 🟦 Көшбасшылар екіжақты күн тәртібіндегі нақты мәселелерді, соның ішінде энергетика, цифрландыру, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады. 🟦 Нарендра Модидің айтуынша, екі елдің жоғары технология және креативті индустрия бағыттарындағы әлеуеті мол. Осы орайда, Astana Hub және Хайдарабад технологиялық экожүйелері арасындағы серіктестіктің келешегі зор. 🟦 Үндістан Премьер-министрі Қазақстанның өкілдерін, әсіресе, жастарды келесі жылы Мумбайда өтетін WAVES Креативті индустрия саммитіне қатысуға шақырды. 🟦 Тараптар Үнді елі мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарастырды. 🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ЕАЭО Төрағасы ретінде Ұйым мен Үндістан арасында еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер жүргізуді құптайтынын және оны ілгерілетуге ықпал етуге дайын екенін айтты. 🟦 Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. t.me/aqorda_resmi

Notes